Жамбылда түзеу мекемесіндегі әйелдер қауымы марапатталды
Жамбылда түзеу мекемесіндегі әйелдер қауымы марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Темірдей тәртіпке бағынып, әскери қызметке өмірін арнаған Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД158/4 түзеу мекемесіндегі әйелдер қауымын мекеме бастығы Ерлан Тоқанов құттықтады.
Отбасы, ошақ қасы мен қатар өз қызметтерін мінсіз атқарып жүрген нәзік жандылардың жанұясына бақ пен береке, еңбекте өрлеу, табыс тіледі.
Бұл күні ұжымда қызмет ететін қыз-келіншектердің барлығы құрметке бөленді. Мекеме бастығының грамотасымен – 12, алғыс хатымен – 6, сондай-ақ ҚАЖД бастығының грамотасымен төрт, алғыс хатымен төрт қызметкер марапатталса, тағы төртеуіне мереке қарсаңында алғыс білдірілді. ҚР ІІМ алғысы бір қызметкерге табысталды.