Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 1700-ден астам қорғау нұсқамасын шығарды

Жамбылдық полицейлер 1700-ден астам қорғау нұсқамасын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасындағы зорлық-зомбылықтың жолын кесу мақсатында 13-21 маусым аралығында Жамбыл облысының аумағында “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” атты іс- шара өткізілуде.

Полицейлер күн сайын азаматтарды қабылдауды жүзеге асырып, құқықтық және психологиялық кеңес береді, азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді, учаскелік полиция инспекторларына қорғау нұсқамаларын шығаруда, тұрмыстық салада құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаған құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді.

– Жыл басынан бері біз отбасылық-тұрмыстық қатынастарда құқық бұзушыларға қатысты 1739 қорғау нұсқамасын шығардық, учаскелік полиция инспекторларының өтініштері бойынша 203 жанжал шығарушыға қатысты ерекше талаптар белгіленді, бұдан басқа, қорғау нұсқамаларын бұзғаны үшін 248 әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Диляфруз Кинжеханова.

Жамбыл облысының Полиция департаменті егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болсаңыз немесе өзіңіз оның құрбаны болсаңыз, полицияға немесе әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің +77074630623 сенім телефонына хабарласуыңыз қажет екенін еске салады.

Сонымен қатар, Қазақстан бойынша 1409 – тегін құқықтық және психологиялық кеңес беретін сall-орталығы жұмыс жасайды, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған ұлттық жедел желі- 150, сондай-ақ 8-800-070-02-17 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру