Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда тергеу изоляторына аяқ киім ішінде телефон өткізбек болған әйел ұсталды

Талдықорған қаласының тергеу изоляторына тергеліп-тұтқындалған азаматтың жұбайы аяқ киім ішіне телефон салып, өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/16 мекемесінде тергеліп-ұсталған азаматтың азаматтық жұбайы тыйым салынған затты мекемеге өткізуге тырысты.

Тұтқындалғанға беріп жіберетін заттарды тексеру нәтижесінде, мекеме қызметкерлері аяқ киім табанында тығылған INOI ұялы телефонын тауып, тәркіледі.

– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша Талдықорған қаласының әкімшілік сотына жолданатын материалдар жиналды. Әйелге қатысты тиісті шаралар қабылданады, – деп атап өтті мекеме басшысы Арнай Әбдірахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру