Жамбылдық полицейлер балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық арнайы мектепке барды
Құрбан айтты мерекелеу күндері Әлім Бажықбаев бастаған полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық арнайы мектепке барды, -деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер тәрбиеленушілермен бірге мерекені атап өтіп, профилактикалық жұмыстар жүргізді. Ондағы басты міндет – жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы тағы да хабардар ету, дене шынықтыру мен спортпен белсенді айналысуға шақыру, жас санада есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.
– Есірткі және уытты препараттарды қолдану адамның моральдық деградациясына алып келеді, денені физикалық түрде бұзады және нәтижесінде өлімге әкеп соғады. Бастапқыда өмірдің проблемаларынан құтылу құралы ретінде есірткіні таңдау әр адам үшін кешірілмейтін және орнына келмейтін қате шешім. Бір кішкентай қателік, бір ойланбаған қадам сізге өте қымбатқа түсуі мүмкін. Сіздер мектептен кейін немен айналысқыңыз келетіні, кім болғыңыз келетіні туралы ойлануыңыз керек. Тағдырыңызды бұзбаңыз және басқаларға да оған жол бермеңіз. Сіздердің әрқайсыларыңыздың қабілеттеріңіз, перспективаларыңыз және ең бастысы мүмкіндіктеріңіз бар, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.
Орталықтың тәрбиеленушілеріне арналған дәрістен кейін полиция қызметкерлері құрбандық шалып, қайырымдылық түскі асын ұйымдастырды.