Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер қаржы пирамидаларының белгілері туралы айтып берді

Соңғы уақытта Жамбыл облысында интернет-платформада жұмыс істейтін тіркелмеген компаниялар түріндегі қаржы пирамидаларының саны көбейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Компания өкілдері халыққа инвестордың портфеліне ақша салуды, жаңа адамдарды тартуды ұсынып, болашақта айтарлықтай табыс табуға уәде беруде.

Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалауға және олардың қызмет етуіне тыйым салынған, сонымен қатар оны бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 217-бабына (Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) сәйкес, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қаржы пирамидасы – бұл инвестициялық алаяқтықтың ұйымдасқан қылмыстық схемасы, онда кіріс жаңа инвесторларды тартудан түскен қаражат есебінен қалыптасады, яғни кейбір тұлғалар басқа адамдардың инвестициялары арқылы өз әл-ауқатын арттырады.

Осы қылмысты жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Қаржы пирамидасын анықтау үшін оның төмендегідей белгілері туралы естеріңізге саламыз:

1. Депозиттерді қабылдауға Ұлттық Банктің лицензиясының болмауы;

2. Жарғының, мемлекеттік тіркеудің болмауы;

3. Ұйымның қаржылық жағдайы туралы ақпараттың болмауы;

4. Салымдардың сақталуына кепілдіктің болмауы;

5. Салынатын қаражаттың қарыз алу нарығы бойынша орташа деңгейден асатын негізсіз жоғары кірістілігін уәде ету;

6. Әрбір жаңа қатысушы үшін уәде беру және бонустар төлеу;

7. Міндетті кіру жарнасы;

8. Олардың қызметі БАҚ-та көпшілікке арналған жарнамамен сүйемелденеді;

9. Қымбат бағалы сыйлықтарды табыстай отырып, тартымды шоу көрсету;

9. Қымбат бағалы сыйлықтарды ұсына отырып, ойын-сауық,  жарнамалық шоу-презентацияларды ұйымдастыру;

10. Кіріс көздерінің, қаражат айналымының, бизнес-процестердің және т.б. ашық емес құрылымдары.

Қазақстандағы қаржы пирамидасының айқын мысалдарының бірі -“QuestraWorld” компаниясының Қазақстан Республикасы және басқа елдердің аумағындағы қызметі. Қазақстан осы компанияның қылмыстық әрекетінің жолын кескен алғашқы елдердің бірі екенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта “Ломбард-24” қаржы пирамидасын құру туралы іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, өз ақшаларын күмәнді келісімдерге және өз қызметін белсенді жарнамалайтын күмәнді компанияларға салмауға кеңес береді. Ақша қаражатының сақталуы сіздің саналылығыңызға және қырағылығыңызға байланысты.

Сонымен қатар қаржы пирамидаларының қызметінен зардап шеккен азаматтарға Жамбыл облысының ПД-ге хабарласып, қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар мен олардың басшылары туралы хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру