Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер шамамен 200 км/сағат жылдамдықпен жолаушылар тасымалдаған жүргізушіні жауапқа тартты

Жамбылдық полицейлер шамамен 200 км/сағат жылдамдықпен жолаушылар тасымалдаған жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 мамыр күні кешкі сағат 20:40 шамасында Меркі – Шу – Бурылбайтал автожолының 126-шақырымында сағатына 189 шақырым жылдамдықпен келе жатқан Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды.  

Аталмыш көлік салонында жолаушылары болған.

Жүргізушіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы 3-бөлігі (Көлік құралының белгіленген қозғалыс жылдамдығының сағатына қырық және одан да көп километр мөлшеріне артуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Осы бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (69 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Жамбыл облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерін  жол ережесін бұзбауға және жылдамдықты асырмауға шақырады. Өзге адамдардың тағдыры сіздің саналы іс-әрекетіңізге байланысты екенін есіңізден шығармауды ескертеді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру