Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған 3 притонды анықтады

«Стоп-Трафик» жедел- алдын алу іс-шарасының үш күнінде Тараздағы Сыпатай батыр, Исатай батыр және Бейбітшілік көшелеріндегі сауықтыру кешендерінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 34 жастағы және 48 жастағы екі әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматшалар кінәсін мойындады.

Сондай-ақ, іс-шара барысында 49 адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 3 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.

Профилактикалық есепке «жеңгетай» санаты бойынша үш адам және «жезөкше» санаты бойынша сегіз әйел қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру