Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзенде мал ұрлығы жедел түрде ашылды

Жаңаөзенде мал ұрлығы жедел түрде ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

3 мамыр күні Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылында жергілікті тұрғынның ауласынан мал ұрланғаны туралы полицияға хабарлама түсті. Белгісіз тұлға қорадан 4 қара қой мен 1 қоңыр қозыны ұрлап кеткен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шұғыл жетіп, тиісті іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жедел әрекеттің нәтижесінде күдікті бір тәулік ішінде анықталып, ұсталды.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы ер адам қолға түсті. Тексеру барысында ұрланған мал оның ауласынан табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша бөтеннің мүлкін ұрлау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру