Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді
Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 шілдеде Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласының аумағында Шаңырақ шағын ауданында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде заңсыз ойынхананы анықтады.
Үй-жайды тексеру барысында мониторлар, процессорлар, теледидарлар, кассалық аппарат және қолма-қол ақша қаражаттары табылып, тәркіленді.
Аталған дерек Жаңаөзен қаласы ПБ АЕК-ге тіркелді және процессуалдық шешім қабылдау үшін жиналған іс-қағаздар Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.