Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас полицейлерге атыс траекториясын анықтау бойынша сабақтар өткізілді

Түркістан облысының сақшылары жас полицейлерге атыс траекториясын анықтау бойынша сабақтар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері ішкі істер саласына енді қызметке орналасып, үш айлық оқуға келген жас буынға арнайы сабақтар өткізуде.

Мәселен, криминалистер Берік Шаденов пен Шыңғыс Сарсеков Шымкент қаласында орналасқан ҚР ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығындағы тыңдаушыларға “Баллистикалық зерттеу жүргізудегі ату траекториясын анықтау” тақырыбында арнайы сабақ ұйымдастырды.

Сабақ барысында криминалистикалық құрал-жабдықтар мен қылмыс орнындағы атыс құралдарының түрлерін, одан қалған зақымдарды және қарулардың калибрін анықтау бойынша тыңдаушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде қиын да қауіпті саланы таңдап, халыққа адал қызмет етемін деп келген жас полицейлер маңызы зор сабақ үшін полицейлерге алғыстарын білдірді.

Жас полицейлер бұл сабақтарда айтылған әрбір ақыл-кеңесті мәңгі естерінде сақтап, қызмет атқару барысында қолданатындықтарын жеткізді. Аталған іс-шарадан соң ҚР ІІО-да білікті маман даярлауда көрсетілген мол тәжірибелік көмегі және оқу тәрбиелік процесіне белсенділік танытқаны үшін ҚР ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы Қанатбек Тілеубердиев түркістандық полицейлер Б. Шаденов пен Ш. Сарсековті өзінің атынан алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру