Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі әйел шымкенттіктердің 3 млн теңгеге жуық ақшасын алаяқтықпен қалтаға басқан

Екі әйел шымкенттіктердің үш млн теңгеге жуық ақшасын алаяқтықпен қалтаға басқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби АПБ-на бірнеше тұрғын арыз түсірген. Олар өз шағымында “мүгедектік” мәртебесін алып беру және уақытын созу қызметін ұсынған бейтаныс азаматшаларға алданып қалғандарын көрсетті.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар жергілікті екі азаматша анықталып, қамауға алынды.

Тергеп-тексеру жұмыстары барысында белгілі болғандай, күдіктілер аталған қызметі үшін тұрғындардан әртүрлі сомадағы қаражат талап еткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі үш млн теңгеге жуықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру