Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жас полиция” қозғалысының кадеттері ІІМ Кинологиялық орталығына барды

Қонаев қаласында Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектебінің 6-7 кадеттік сыныптарының оқушылары мұғалімдерімен бірге жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша іс-шараға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кинологиялық орталықтың бастығы Нұсқабек Зауланбаев салауатты өмір салтының маңыздылығы, спортпен айналысудың пайдасы және зиянды әдеттердің теріс салдары туралы айтып берді.

Кинологтар балаларға иттерді жаттықтырудың жалпы курсы, есірткі құралдары мен жарылғыш заттарды іздеу бойынша көрнекі көрсетпелер ұйымдастырды.

Экскурсия барысында кадеттер Кинологиялық орталықтың жұмысымен, қызметтік иттердің әр түрлі тұқымдары және әдеттерімен танысты.

Мұндай іс-шаралар жастардың бойында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру