Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас қызметкерлер үшін “Әлемдік жеңіс жасампаздары” сабағы өтті

Қарағанды облысы ПД-де жас қызметкерлер үшін “Әлемдік жеңіс жасампаздары” ерлік сабағы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қыркүйекте Қарағанды облысының ПД-де тиісті қашықтықты сақтаумен, “Әлемдік жеңіс жасампаздары” ерлік сабағы өтті. Шараға полицияның жас қызметкерлері қатысты. Олардың алдында Қарағанды облысының ПД жауынгерлік және еңбек даңқы музейінің басшысы Айтжамал Айтжанова сөз сөйледі.

– Біздің департамент ардагерлерінің ерліктері Ұлы Жеңіс шежіресіне алтын әріптерімен жазылған. Сіздер, құқық қорғау органдарында қызметтерінді жаңа бастап келе жатқандар, олар туралы естерінде сақтауларын қажет. Әлемді фашизмнен құтқарғандарды есте сақтауларын керек, – деп белгіледі.

Жиналғандарға соғыс және құқық қорғау органдарының ардагерлері Асылхан Омарханов және Иван Парамонович Овсиенко туралы бейнероликтер көрсетілді.

Қарағанды облысының ПД вокалдық ансамблі “Нұр Орданың” орындауында “Бессмертный полк” әніне түсірілген бейнероликпен сабақ аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру