Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қараусыз қалған 6 бала лай суға шомылған

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қаланың су айдынында жазатайым оқиғаның алдын алды, – деп хаабрлайды Polisia.kz.

Аптап ыстықта қала тұрғындары салқын суға құмар. Экологиялық жағдайы нашар орындарда тыйым салынған белгілерге қарамастан демалушылар әлі жылымаған суға түсуге ұмтылады.

27 мамырда республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алатау аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және Алматы қаласының Ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Қарасу көліндегі қайғылы оқиғаның алдын алды. 6-дан 8 жасқа дейінгі алты бала тыйым салынған жердегі қатты мұздатылған көлде бұрынғы пирстің қаңқалары қалған суға шомылып жүр екен. Лайланған суда жасөспірімдер арматураның шеткі кесектеріне жараланып, бетон плиталарының сынықтарына тап болуы мүмкін еді. Балалар үлкендердің қарауынсыз жүрген. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары балаларды байқап, жағаға шығуды сұрады. Оқиға орнына ювеналды полиция қызметкерлері шақырылды.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ТЖБ-мен Алатау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп
және ақпараттық жадынамалар таратты.

Су айдындарында профилактикалық рейдтер күн сайын суға шомылу маусымының соңына дейін өтеді. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тау өзендерінде де патрульдейді. Рейдтердің негізгі міндеті – су айдындарында жазатайым оқиғаларды болдырмау
болып табылады.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары еске салады:

– балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
– тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды!
– судағы қоршаудан ары жүзуге болмайды!
– таныс емес жерлерде суға түспеңіз!
– тау өзендерінде шомылуға тыйым салынады!
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру