Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Желдің күшімен жағадан алыстап кеткен екі адам 8 шақырым жерден табылды

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында екі адам құтқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 мамыр сағат 16.00-де Алматы облысының Төтенше жағдай департаментіне Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында екі адамды қайықпен жағадан алысқа желмен алып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын Алматы облысы ТЖД Қапшағай өңірінің құтқарушыларымен тәуліктің қараңғы уақытында, нөлдік көріну және күшті толқындар кезінде жүргізді.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында аз уақыттың ішінде суда апатқа ұшырағандар жағадан сегіз шақырым жерден табылды және қауіпсіз жерге жеткізілді.

Құтқарылғандар Қапшағай қаласының тұрғындары 1995 және 1997 жылы туған жігіттер. Олар Қапшағайда достарымен демалыста болған.

Көмек туралы белгі олардың таныстарынан келіп түсті. Құтқарушылар арқасында жас адамдар тірі және аман қалды.

Алматы облысы ТЖД тұрғындарды сақ болуға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Алдын-ала ауа райы жағдайымен танысып, құтқару кеудешелерін киюді ұмытпаңыздар.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру