Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаздың екі айында СҚО полицейлері 76 іс-түссіз жоғалғанды іздестірді

Жаздың екі айында СҚО полицейлері 76 іс-түссіз жоғалғанды іздестірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаз басталғалы солүстікқазақстандық полицейлер 76 іс-түссіз жоғалғанның жүрген жерін анықтады. Орын алған фактілер көрсеткендей, із-түзсіз жоғалғандардың саны күн жылысымен артады. “Күйбең тірліктен” демалуға деген ұмтылыс үйден кетуге алып келіп жатады. Біреу спирттік ішімдіктерді асыра ішсе, енді біреуі жақындарына жоспаларын айтпай, жолға шығып кетеді. Шілденің 15-і күні кешкі уақытта Lada автокөлігімен белгісіз бағытта кетіп қалған 30 жастағы қала тұрғыны туысқандарын біраз алаңдатты. Полицейлер іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, еріктілерді тартты. “Ағын” бейнебақылау жүйесі арқылы көліктің жүріп өткен жолы белгілі болды. Іс-түссіз жоғалған әйелдің Айыртау ауданындағы демалыс орнында болғаны анықталды.

– Айта кететіні, демалыс аймақтарында іс-түзсіз жоғалып кетудің алдын алу бойынша шаралар қабылдануда. Полицейлер тұрақты түрде рейдке шығады, демалушылармен түсіндіру жұмысын жүргізеді, табиғатта қауіпсіз жүріп-тұру ережелері туралы түсіндіреді. Жолға шығар алдында бұл туралы жақын адамдарыңызды міндетті түрде хабардар етіп, телефонның ақауы жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Өңір тұрғындарынан демалысқа шыққанда барынша жауапкершілік танытуларын сұраймыз – дейді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Жыл басынан облыстық полиция бөліністеріне адамдардың із-түссіз жоғалуына қатысты 275 өтініш келіп түскен, бүгінде олардың 270-і табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру