Жеке құрамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2021 жылғы 10 қаңтарда өткізілетін сайлау қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/18 мекемесінің жеке құрамына түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі – мемлекеттік биліктің сайлау арқылы жүзеге асырылуы. Осы алғышарт заң талаптарына сәйкес кезекті және кезектен тыс өткізілетін сайлауларда көрініс тауып отыр.
– Әрқайсымыздың азаматтық борышымыз – келешегіміздің кемел болуы үшін таңдау жасау, дәл осы мақсатта барлығымыз міндетті түрде алдымыздағы сайлауға қатысуға тиіспіз, – деді мекеме бастығы Аслан Нурбеков.
Жоспарланып отырған саяси іс-шара аясында мекемеде қызмет ететін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атқаратын рөлін назардан тыс қалдыруға болмайды.
– Қазіргі эпидемияға қарсы іс-шаралар кезінде сайлауға қатысу, сайлау барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету аса жауапкершілікті талап етеді және де осы жауапкершілік сіздер мен біздердің мойынымызға қомақты жүк болып артылып отыр, – деді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жәнібек Сыдықов.