Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда “Үздік офицердің анасы” төсбелгісін 30-дан астам ақжаулықты ана иеленді

Жетісайда “Үздік офицердің анасы” төсбелгісін 30-дан астам ақжаулықты ана иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, Халықаралық әйелдер күніне орай аналарға құрмет көрсетілген ерекше жиын өтті. Мерекелік шараға қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полицейлердің жұбайлары мен үздік офицерлердің аналары, полиция бөлімінің барша арулары қатысты. Жеке құрам жігіттері нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуантты.

Ал полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбековтің бұйрығымен 34 қызметкердің анасына “Үздік офицердің анасы” төсбелгісі табысталды.

Сондай-ақ полиция бөлімінің қыздары мен қоғамдық көмекшілері де арнайы алғыс хат алды.

Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты. Көктемнің ең жарқын мерекесінде аудандық өнерпаздар, адамзаттың асылы аяулы аналарға арналған әндерін әуелете шырқап, керемет көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру