Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында 1100-ден астам есептегі азамат тексерілді

Жетісу облысында профилактикалық есепте тұрған азаматтардың мінез-құлқын бақылау және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Есептегі тұлғалар" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның бірнеше күні ішінде полиция қызметкерлері мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық көмекшілер, волонтерлер және прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде профилактикалық есепте тұрған 1100-ден астам азамат тексерілді.

Өткізілген шаралар барысында есептегі тұлғалардың қатысуымен жасалған 20 құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Әрбір дерек бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар есепте тұрған кейбір азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында халықты әлеуметтік қорғау және еңбек органдарына тиісті хаттар жолданды.

Анықталған құқық бұзушылықтардың бірі бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтың белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамауына байланысты оны қайтадан бас бостандығынан айыру орындарына қайтару туралы материал сотқа жолданды.

- Іс-шараның негізгі мақсаты — есепте тұрған тұлғаларды бақылаумен қатар, қайталама қылмыстардың алдын алу, әлеуметтік көмек көрсету және мекенжайлық профилактикалық жұмыстар жүргізу. Мұндай рейдтер құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жетісу облысында жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру