Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында абаттандыруға бақылау күшейтілді

Жетісу облысында абаттандыруға бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзу және ұсақ бұзақылық, соның ішінде ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері бойынша 3144 құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Алдын алу шараларына ерекше назар аударылып, тәртіп сақшылары азаматтармен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар тазалықтың қарапайым талаптарын сақтау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қажеттігін еске салуда.

Полицияның мәліметінше, қоғамдық тәртіпті сақтау тек бақылау шарасы ғана емес, сонымен қатар қоғам мәдениетінің маңызды көрсеткіші болып табылады.

— Тазалық әр адамнан басталуы тиіс. Қоршаған ортаға саналы көзқарас қалыптасқанда ғана біз қалаларымыз бен ауылдарымыздағы тәртіпті сақтай аламыз, — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, ал құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтіле бермек. Таза әрі күтімді орта — өңір тұрғындарының ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру