Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ауыл тұрғынынан 30-ға жуық каннабис бұтасы тәркіленді

Жетісу облысында ауыл тұрғынынан 30-ға жуық каннабис бұтасы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған дерек Ескелді ауданында тіркелді. Онда полиция қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен Қарабұлақ ауылының 56 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам өз ауласында марихуананы заңсыз өсіргендігі белгілі болды.

– Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің 27 бұтасы жойылды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабында (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) көзделген қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат бұлтартпау шарасы таңдалды, – деп хабарлады Ескелді аудандық полициясы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру