Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында борышкерлерден 3 млн теңгеге жуық айыппұл өндірілді

Жетісу облысында екі күн ішінде борышкерлерден 3 млн теңгеге жуық айыппұл өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу полицейлері өңірде “Борышкер” профилактикалық іс-шараны бастады. Соңғы екі күнде борышкерлерден 3 млн теңгеге жуық айыппұл өндірілді.

Профилактикалық іс-шара әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерді анықтауға бағытталған. Рейдтік жұмыстармен республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар, сондай-ақ ірі елді мекендердің көшелері қамтылды.

– Ұсталған жүргізушілердің ішіндегі 129 адам жалпы сомасы шамамен 3 млн теңгеге бұрын салынған айыппұлдар бойынша төлем жасады. Олардың ішінде Панфилов ауданының 49 жастағы тұрғыны, ол өткен жылы 238 мың теңгеге ҚР ЖҚЕ 14 бұзушылық жасаған. Оның бұзушылықтарының көбі жылдамдық режимінің асып кетуімен байланысты және автожолдарда жұмыс істеп тұрған бейнекамералармен тіркелген, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ӘПБ бастығының м.а. Диас Айнақұлов.

Әкімшілік полицияда борышкерлерге қатысты ӘҚБтК-нің 669-бабына (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) сәйкес шаралар қолданылатынын атап өтті.

Жетісу облысының полициясы ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қаулыларды уақытылы орындауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру