Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында бұрын істі болған азаматтан заңсыз сақталған қару тәркіленді

Жетісу облысында бұрын істі болған азаматтан заңсыз сақталған қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті дерек Ақсу ауданында тіркелді. Онда жергілікті полицейлер “Құқықтық тәртіп” профилактикалық іс-шарасының барысында шалғайдағы шаруа қожалығын тексерді. 48 жастағы ферма иесінен заңсыз сақталған үш қару табылып, тәркіленді.

– Ер адам көрші ауданда тіркелген және есептік деректерге сәйкес бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның шаруа қожалығының аумағындағы тұрғын үй құрылыстарының бірінен 5,6 мм калибрлі ТОЗ винтовкасы, сондай-ақ 20 және 12 калибрлі, бірі қосауыз мылтық және екіншісі бір ұңғылы, екі мылтық табылды. Қару тәркіленді және баллистикалық сараптама тағайындалды, – деді Ақсу ауданының полиция бөлімінің бастығы Ернар Ширбаев.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес (Қаруды заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру