Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция демалыс орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізді

Жетісу облысында полиция демалыс орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, Талдықорған қаласындағы жаппай демалыс орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізді. Негізгі мақсат — жазатайым оқиғалардың алдын алу және табиғат аясында, су айдындары маңында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Рейд барысында демалушыларға құтқару бекеттері жоқ әрі су түбі тексерілмеген жерлерде шомылудың қауіпті екені түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптары, от жағу ережелері, қоршаған ортаны ластау мен қоқыс тастаудың жауапкершілігі жөнінде ескертілді.

Полиция қызметкерлері мен ТЖД мамандары тұрғындар және қала қонақтарымен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, отбасымен және балалармен демалу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

- Қауіпсіздік — әр адамның жауапкершілігінен басталады. Су айдындарында және табиғат аясында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Біздің міндет — азаматтарға қауіптің алдын алып, қауіпсіздік шараларының маңызын еске салу, — деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары азаматтарды тек рұқсат етілген орындарда шомылуға, табиғатты таза ұстауға және демалыс кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру