Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында қоғамдық орындардағы қылмыстар саны азайды

Жетісу облысында қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының аумағында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай төмендеуі байқалады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 26,2%-ға төмендеді.

Көшедегі қылмысты тұрақтандыру мақсатында полицейлер жасақтардың тығыздығын күшейтті, сондай-ақ патрульдеу маршруттарының сызбаларын қайта қарады. Маршруттарды қайта қарау және бекіту криминогендік жай-күйді ескере отырып жүйелі түрде жүргізіледі. Осының арқасында облыс көшелерінде жасалған қылмыстардың 20,9%-ға төмендеуі байқалды.

– Жыл басынан бері тәртіп сақшыларымен 53 371 құқық бұзушылық анықталды. Өңірдің автожолдарында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 151 автокөлік жүргізушісі ұсталды, оның алтауы қайта бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мұхметов.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында және Қазақстан полициясының “Қадамдық қолжетімділіктегі полиция” қағидаты бойынша жұмыстың сервистік моделіне көшуіне байланысты, полиция жұмысының барынша ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтармен тығыз сенімді қатынастар орнату үшін, өңірде азаматтардың өтініштері мен шағымдарына жедел және уақтылы ден қоюды қамтамасыз ететін 19 модульдік бекеттер орналастырылған. Қылмыстық жағдайға байланысты қылмыс ең көп тараған аймақтарға олардың орындары ауыстырылуы мүмкін.

– Облыс көшелеріндегі қылмыстың айтарлықтай төмендеуінде учаскелік полиция инспекторларының жұмысы да маңызды рөл атқарды. “Полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидатын және “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желілерде және WhatsApp желісінде жалпы үй чаттары, ПИК топтары, гараж кооперативтері, саяжай бау-бақшалары және т.б. құрылады, ол чаттардың құрамында учаскелік инспектор болады және келіп түскен ақпараттарға тез ден қояды, – деп атап өтті Қ. Мұхметов.

Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары өңір тұрғындарымен 482 кездесу өткізді, оның 128 облыстың қалаларында, 354 ауылды мекендерде өткен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру