Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері қабір қоршауларын ұрлаған күдіктіні ұстады

Жетісу облысының полицейлері қабір қоршауларын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл факт Сарқан ауданында тіркелді. 1 сәуірде Алмалы ауылының тұрғыны жергілікті зираттағы қабір қоршауларының қирағаны және оның ұрланғаны туралы полицейлерге мәлімдеген.

Жәбірленуші келтірілген залалды 100 мың теңгеге бағалады.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні анықтап, ұстай алдық. Ол осы ауылдың 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол шойыннан жасалған қабір қоршауларын металл сынықтарын қабылдайтын жерге өткізіп жіберген. Тергеу барысында ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Сарқан ауданының полиция бөлімінің бастығы Айдар Амангелдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру