Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полициясы отбасылық эстафета ұйымдастырды

Жетісу полицейлері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “Динамо” спорт кешенінің базасында отбасылық эстафета өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Эстафетаға әртүрлі бөлімшелер атынан 12 команда қатысты.

– Іс-шараның негізгі мақсаты – дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тарта отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Эстафетаның барлық қатысушысы жоғары шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті. Іс-шара бағдарламасына отбасының әрбір мүшесі үшін жекелеген сайыс түрлері енгізілді, – деп атап өтті ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мұхит Бөлегенов.

Ата-аналар мен балалар ұйымшылдығын көрсете алды. Бүгінгі күн барлық қатысушы үшін жақсы көңіл-күй мен жағымды эмоцияға толы болды.

– Жарыстың жеңімпазы жылдам қимылдайтын арнайы жасақ атынан қатысқан Құрманғалиевтер отбасы болды. Екінші орынға тылмен қамтамасыз ету басқармасынан Санатовтар отбасы ие болды. Ал құрметті үшінші орынды мамандандырылған күзет қызметі басқармасының атынан Жұматаевтар отбасы жеңіп алды, – деп толықтырды М.Бөлегенов.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы және естелік сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру