Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясы оқушылармен нашақорлық және есірткі қылмысы тақырыбында ашық диалог жүргізді

 Жетісу полициясы оқушылармен нашақорлық және есірткі қылмысы тақырыбында ашық диалог жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларды есірткінің әсерінен қорғау және алдын алу мақсатында облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Текелі қаласындағы оқу орындарына барды. Мектеп оқушыларымен ашық диалогты полиция қызметкерлері нарколог-дәрігермен, психологпен және Текелі қаласы полиция бөлімінің полицейлерімен бірлесіп ұйымдастырды. 

Аталған жиынға №4 және №8 жалпы білім беретін мектептердің 100-ден астам оқушысы қатысты, оларға полицейлер есірткіні, уытты және өзге де ықтимал қауіпті психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы айтты. 

– Соңғы жылдары есірткінің, әсіресе оның синтетикалық түрлерінің таралу белсенділігі артып келеді. Жастар есірткі тұтынушы, сондай-ақ есірткі таратушы қатарында да  болуы мүмкін. Сонымен қатар синтетика алғашқы қолданудан бастап тұрақты тәуелділікті тудыратынын ескеріңіз. Осы жаһандық мәселені ескере отырып, полиция қызметкерлері басқа мүдделі органдармен бірге осындай іс-шаралар мен жасөспірімдермен кездесулерге үнемі бастамашылық жасайды, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ЕҚҚКБ-да.

Соңында оқушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық кітапшалар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру