Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясының бастығы Консультативтік-кеңесші орган құрамына кіретін қоғам белсенділерімен кездесті

Жетісу облысының полиция департаментінде өткізілген Консультативтік-кеңесші органның отырысына облыстық полиция басшысы Сарқытбай Құсайынов қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығы ККО мүшелеріне белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, қоғам игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстары үшін алғыс білдірді.

– Өңір аумағында құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңіз үшін әрқайсыңызға алғыс айтқым келеді. Мен сіздердің өткен жылы атқарған жұмыстарыңызбен танысып өттім, – деп атап өтті Сарқытбай Құсайынов.

Кездесуде ККО мүшелері биылғы жылға арналған жоспарларымен, полицейлермен бірлесіп атқарылатын міндеттерімен бөлісті.

– Полицияның “сервистік” тәсіліне көшудің ажырамас бөлігі – құқық қорғау қызметінің қоғаммен тығыз ынтымақтастығы мен сапалы өзара іс-қимылы, сондай-ақ азаматтарды ішкі істер органдары жүйесін жетілдіруге кеңінен тарту. Ортақ күш-жігеріміздің арқасында біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін, – деп толықтырды ДП бастығы.

Естеріңізге сала кетейік, департамент жанындағы Консультативтік-кеңесші орган қоғамның құқық қорғаушылармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етіп, полиция қызметінің ашықтығы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидатын іске асыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру