Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің цифрлық жүйелері дамып келеді

Жетісу облысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған заманауи цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде өңірде жедел басқару орталығының мүмкіндіктері тиімді пайдаланылып, бейнебақылау жүйелері, аппараттық-бағдарламалық кешендер мен ұшқышсыз ұшу аппараттары кеңінен қолданылуда. Бұл технологиялар полиция қызметкерлеріне тәулік бойы жедел ахуалды бақылап, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы келешегі зор бағыттардың бірі – роботтандырылған платформаларды пайдалану. Қазіргі уақытта Жетісу облысында мұндай жүйелердің тиімділігі мен практикалық мүмкіндіктерін бағалау мақсатында сынақ жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылғылар қоғамдық орындарды патрульдеуге, бейнемониторинг жүргізуге және жиналған ақпаратты нақты уақыт режимінде жеткізуге қабілетті.

Роботтандырылған технологиялар күдікті заттарды анықтау, өрт қаупін ерте кезеңде тіркеу, жетуі қиын аумақтарды бақылау және бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, мұндай цифрлық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізу құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттырып қана қоймай, өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне жол ашады.

Заманауи технологияларды дамыту – "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру