Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда Ұлттық ұланның әскери бөлімінде есірткіге қарсы іс-шара ұйымдастырылды

Жетісу облысында Ұлттық ұланның әскери бөлімінде есірткі қылмыстарының алдын алу шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5514 әскери бөлімінде Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері бірлесіп профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында қызметтік иттің көмегімен әскери бөлімнің автопаркі мен аумағына тексеру жүргізілді. Сонымен қатар әскери қызметшілер арасында есірткі құқық бұзушылықтары мен есірткі қылмыстарының алдын алу, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға есірткі заттарын заңсыз сақтаудың, тасымалдаудың және таратудың құқықтық салдары түсіндіріліп, олардың қоғам мен адам денсаулығына тигізетін зияны туралы ақпарат берілді.

Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әскери тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, сондай-ақ әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Рейд қорытындысы бойынша әскери бөлім аумағынан тыйым салынған немесе өзге де заңсыз заттар анықталған жоқ.

Жетісу облысының полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және оның алдын алу бағытындағы жұмыстардың тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру