Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда заң бұзған 700-ден астам азаматтық қару иелері жазаланды

Жетісуда заң бұзған 700-ден астам азаматтық қару иелері жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бүгінгі таңда Жетісу облысы аумағында 10 937 азаматтық қару иесі тіркелген, олардың пайдалануында 13 266 түрлі қару бар.

Лицензиялық-рұқсат беру жүйесі арқылы полиция қызметкерлерінің тексеруі барысында азаматтық қаруды сақтау, тасымалдау және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 726 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 26 құқық бұзушының лицензиялары жойылып, қалғандарына ірі көлемде айыппұл салынады.

Заңсыз айналымнан 544 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 266 тегіс ұңғылы, 218 ойық, 6 газ, 13 травматикалық, 35 газ-травматикалық, 5 пневматикалық және бір қолдан жасалған қару тәркіленді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру