Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісулық полицейлер зооқорғаушылармен бірлесіп қаңғыбас иттер мәселесін шешіп жатыр

Жетісулық полицейлер зооқорғаушылармен бірлесіп қаңғыбас иттер мәселесін шешіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі күні жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселесі бұрынғыдан да өзекті. Қоғам екі лагерьге бөлінгені көрініп тұр– біреулері жануарларға адамгершілік пен жанашырлық танытып жатса, екіншілері – қаңғыбас иттер балалар мен ересектерге шабуыл жасау фактілерінің зардабынан, олар кейбір жағдайларда өлтіру әдістерін қолдануды талап етеді. Дегенмен, азаматтар қай лагерьдің өкілі болса да, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға міндетті.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қаңғыбас иттерді аулау қызметінің іс-әрекеттері ерекше наразылық тудырды, бұл мәселе қазақстандықтар арасында кеңінен талқылануда. Аудиторияның пікірін ескере отырып, облыстық полиция зооқорғаушылар, ветеринарлық қызметтер мен атқарушы органдардың қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізуге бастамашы болды.

Іс-шара қорытындысы бойынша, өңірде талқыланған тақырыпқа байланысты түрлі фактілерге жедел ден қою мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Топтың құрамына полиция қызметкерлері де кірді.

– Топ рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізе бастайды. Бұл жұмыстарға қызметтік автобус бөлінген. Рейд нәтижелері әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланады. Топ мүшелері бір-бірімен тығыз байланыста болып, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Әрбір факті бойынша құқықтық баға беріліп, қажетті шаралар қабылданады, – деді табиғатты қорғау полициясы.

Алғашқы рейд барысында облыс орталығының аумағында иесіз бос жүрген, тұмылдырықсыз бірнеше ірі ит ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру