Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғандық полицейлер ірі қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті

Жезқазғандық полицейлер ірі қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 тамыз күні Жезқазған қаласының полиция басқармасының бастығы Ерлан Есжанов қаладағы екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өткізді. Жиынның басты мақсаты – күн санап өсіп бара жатқан интернет-алаяқтық қылмысының алдын алу.

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтық қылмысы негізгі проблемалардың біріне айналуда. Көптеген адам алаяқтың арбауына түсіп, қаржысынан айырылып жатыр. Осы орайда қалада орналасқан ірі қаржы ұйымдарының басшыларымен қылмыстың алдын алу мәселесі талқыланды.

– Полиция қызметкерлері алаяқтық қылмыстың жасалу жолын талдай отырып, мынадай қорытынды жасады. Алаяқтардың ең көп қолданған әдістері онлайн түрде тауарға алдын ала төлем немесе толық төлем жасау, банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде танысу, онлайн-несие және шағын қаржы ұйымдарынан несие рәсімдеу және ақшаны түрлі әдіспен көбейту жолдары, –  деп атап өттті Жезқазған ПБ бастығы Ерлан Есжанов

Жыл басынан бері Жеқазған қаласында 56 интернет-алаяқтық қылмысы тіркеліп, оның 7-уі ашылған. Несие алудың онлайнға көшуі халыққа пайдалы болғанымен, алаяқтарға да пайдаға жарап тұр. Жеке адам туралы деректерді алу үшін алаяқтар түрлі айлаға көшуде. Әлеуметтік желі арқылы бос жұмыс орындарына адам іздеп, хабарласқандарды WhatsApp арқылы жеке куәліктегі деректерді алу арқылы несие рәсімдеген. Несие алынғаны туралы банк немес шағын несие ұйымы хабарласқан кезде ғана білген.

Полиция қызметкерлері мұғалімдер мен мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, сауда нүктелерінде аудио дыбыстау ескертпе жұмыстарын ұйымдастыруда. Жергілікті полиция қызметкерлерінің көмегімен халықты құлақтандыру мақсатында қызметтік автокөлікпен қала көшесінде аудио ескертпе жүргізді. Жастардан құралған еріктілермен бірлесіп қала тұрғындарына жадынама ескертпе қағаздарын таратуды қолға алған. Тергеу жұмыстарында белгілі болғандай алаяқтар банк қауіпсіздік қызметкері ретінде танысып, сөйлесу кезінде түрлі бағдарламаларды орнатуға сендіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру