Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында үйінде алкоголь сатқан тұрғын анықталды

Павлодар облысында үйінде алкоголь сатқан тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полицейлері күн сайын құқық бұзушылықтарды анықтау үшін рейдтік іс-шаралар өткізеді, оның ішінде алкоголь өнімдерін заңсыз сатуды анықтау мақсатында дүкендер мен сауда нүктелеріне тексеру жүргізіледі.

Нәтижесінде, 13 тамыз сағат 11:30 шамасында Ақшиман ауылының тұрғыны лицензиясының жоқтығына қарамастан, үйден алкоголь өнімін сатқан.

Тексеру барысында 77 қорап темекі және 1200-ден астам спирттік өнім алынды.

– Заңнама талаптарын бұзғаны үшін 44 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 200, 282 және 463-баптары бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Павлодар облысы Май аудандық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Жұмабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру