Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғандық полицейлер ұрлық жасамақшы болған екі адамды ұстады

Жезқазған қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері теміржол рельстерін ұрламақшы болған екі азаматты  ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қараша күні  Жезқазған қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері теміржол өткелдерінің маңында іс-қимылдары күдік тудырған екі азаматты байқаған.

Аталған азаматтар полиция қызметкерлерін көре салысымен оқиға орнынан қашпақшы болған. Алайда полиция қызметкерлері күдік тудырған азаматтарды ұстап, Полиция басқармасына жеткізген.

Мән-жайды анықтау барысында олардың теміржол рельстерін ұрлап, металл қабылдау орнына өткізбекші болғаны белгілі болды.

Ұрлық жасауға оқталу бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру