Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада үш адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды

Қызылордалық полицейлер бірнеше ұрлыққа қатысы бар облыс тұрғындарын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 44 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 8 қараша күні түнде белгісіз біреулердің ауласында тұрған “Опель Вектра” маркалы автокөлігінің есігін бұзып, “Самсунг” маркалы екі ұялы телефонын және “Атлант” маркалы аккумуляторын ұрлап кеткені туралы шағымданған.

Бұл факт бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының үш тұрғынын ұстады.

Олардың қала аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру кезінде  күдіктілердің осыған ұқсас ұрлықтардың төрт дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Қазіргі таңда жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі есептелуде.

Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (Қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен  жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Заттай айғақтар алынды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына  қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру