Жігіт селфи жасаймын деп, Есiл өзеніне құлап кетті
Жігіт селфи жасаймын деп, Есiл өзеніне құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне Атырау көпiрiнен ер адамның құлап кеткендiгi туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келгеннен кейін 22 жастағы жiгiттiң селфи жасаймын деп абайсызда Есiл өзеніне құлап кеткенiн анықтады. Жігіт жарақат алған жоқ. Жағаға өзі жүзiп шыққан.
Экстремалдық фото жасау кейде адам өміріне қауіп тудыруы мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті селфиге түскен кезде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді.