Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

Түркістан облысының полицейлері “Қауіпсіз аудан” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 200-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД бастығының нұсқауына сәйкес Отырар ауданы аумағында жұма, сенбі, жексенбі күндері аралығында “Қауіпсіз аудан” айдарымен жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Аталған шараға жеке құрам қызметкерлері қатысып, қылмыстың алдын алу, болған қылмыстарды ашу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол көлік оқиғаларын төмендету және Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізді. Үш күн бойы негізінен жол ережесін қасақана өрескел түрде бұзушыларды анықтауға бағытталған оның ішінде автокөліктерді масаң күйде басқару, қозғалыстың белгіленген жылдамдықты арттыру және басып озу тәртібін бұзу, жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және маневрлеу, қауіпсіздік белдігін қолданбау, ұялы телефон мен рация пайдалану, көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер жолағынан өту жағдайларымен байланысты 200-ден астам құқық бұзушылықты анықтады.

Дәлірек айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 150 жайт тіркелсе, 591-бабы (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша 20 дерек, 602-бабына (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы) сәйкес 10 жайт анықталған. Сонымен қатар 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша үш дерек тіркеліп, жүргізушілер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, іс сотқа жолданған және 15 тәулікке қамауға алынған.

Жол жүрісі қағидаларын бұзбаңыз. Жол бойында жіберген қателігіңіздің соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмін. Сондықтан, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол-қауіпсіздік ережесін сақтап, жолда абай болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру