Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушілер саны азаяр емес

Ақтөбеде көлік жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермей, жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 шілде сағат 23.35-те М.Мәметова және Аз-Наурыз көшелерінің қиылысында, “ВАЗ-2105” автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі М. Мәметова көшесінің бойымен, Аз-Наурыз көшесіне бұрылғанда қарсы келе жатқан көлікке жол бермей, 23 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы “Фольцваген Гольф-3” автокөлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасының нәтижесінде, ” ВАЗ-2105 ” автокөлігінің жолаушысы жедел жәрдем ауруханасына жүгініп, тексерілгеннен кейін нейрохирургиялық бөліміне  жатқызылды.

Сонымен қатар 22 шілде күні сағат 01.50-де М.Мәметова мен Шайкенов көшелерінің қиылысындаШивролет Авео автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі М. Мәметова көшесінің бойында Шайкенов көшесіне бұрылып бара жатып қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермей, 19 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Инфинити” автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Жол көлік оқиғасы нәтижесінде, “Шивролет Авео” жүргізушісі Жедел жәрдем ауруханасына жүгінді содан кейін үйіне жіберілді.

Ақтөбе облысының полицейлері автомобиль – аса қауіпті құрал екенін еске салады. Сондықтан , автокөлікті басқара отырып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдап, жол, метеорологиялық жағдайларды ескеру, қарсы қозғалыс жолағына шығуға байланысты қауіпті маневрлерден бас тарту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру