Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол апатынан 2 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, жүргізуші мен бір жолаушы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 мамыр сағат 12.00-де Мәртөк ауданы Березовка ауылынан екі шақырым жердеХазретовка-Березовка” ауылдық тас жолында 46 жастағы “Лада-212140” автокөлігінің жүргізушісі рөлдік басқаруын игере алмай, автокөліктің аударылуына жол берген.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде 39 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал екінші 41 жастағы жолаушы Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. Жүргізуші мен үшінші жолаушы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сол күні “Самара-Шымкент” тасжолының 850 шақырымында Хромтау ауданы Дон ауылының маңында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Шевролет-Крузавтокөлігінің жүргізушісі Маңғыстау облысының тұрғыны, Ақтөбе қаласы жағынан Арал қаласына қарай Хромтау ауданы Дон ауылының маңында Самара-Шымкент” автожолының 850 шақырымына келе жатып, рульдік басқаруын игере алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Ақтөбе қаласында Шымкент қаласынан келе жатқан Беларусь Республикасы азаматының басқаруындағы “Мерседес-Бенсмаркалы жүк автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесіндеШевролет-Крузавтокөлігінің жүргізушісі Хромтау қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылып, 30 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру