Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол-көлік оқиғасынан көлік жүргізушісі көз жұмды

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Ақмола облысы аумағында 30-дан астам жол-көлік оқиғасы орын алды. Олардың басым бөлігі механикалық зақымданған, өліммен аяқталған бір ЖКО болды.

2020 жылдың 25 қазаны сағат 17:30-да Аршалы ауданында “IVECO” автокөлігінің жүргізушісі, 58 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласы бағытында 1294 км жерде “Екатеринбург-Алматы” автожолымен жүріп келе жатып, рульді басқара алмай, орталық қисық сызықты брусқа соқтығысып, оны зақымдап қарсы қозғалыс жолағына шығып кетті. Қорытындысында “Lexus LX-570” маркалы автокөлігінің жүргізушісі, Қарағанды қаласы бағытында келе жатқан 34 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны “IVECO” автокөлігімен соқтығысуға жол бермеу үшін 37 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны басқарып келе жатқан “Mitsubishi” маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан “Mitsubishi” маркалы автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

“Mitsubishi” маркалы автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттармен Нұр-Сұлтан қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факт бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық істі бастады.

Мұндай жаппай апаттардың орын алуының басты себебі – автокөлік иелері жазғы шиналарды қысқыға ауыстыруға үлгермеуі.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушілердің барлығы өз көліктерін басқарып, жазғы дөңгелектерді уақытында қысқы дөңгелектерге алмастырған жоқ. Жүргізушілер көлік құралдарын алдын ала дайындағаны, қысқы резеңкеге ауыстырғаны абзал. Ең бастысы – жол ережелерін мүлтіксіз сақтау және жүргізуші мәдениетінің деңгейін арттыру. Өзара сыйластық пен тәртіп – жолдардағы қауіпсіздік кепілі және апаттылықты төмендету мәселесінде шешуші факторлардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру