Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қауіпсіздік ережесін 39 рет бұзған көлік жүргізушісі анықталды

Шығыс Қазақстан облысында “Борышкер” жедел алдын алу шарасы барысында жол-қауіпсіздік ережесін қасақана бұзғандар анықталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде “Борышкер”жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жол қауіпсіздік ережесін өрескел бұзушы анықталып, ұсталды.Тексеру барысында анықталғандай, ер адам “Toyota RAV4” көлігін басқара отырып, Өскемен қаласының көше-жол желісінде 39 рет ереже бұзғандығы тіркелген. Айыппұл көлемі 700 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, облыс орталығында тағы бір автокөлік иесі анықталды, ол 126 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарған.

Қазіргі уақытта екі автокөлік Өскемен қаласының мамандандырылған тұрағына қамалды.Айта кету керек, екі тәртіп бұзушының көлік нөмірлері ресейлік тіркеуде тұр.

“Борышкер” жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезеңінде ШҚО тұрғындарынан жалпы сомасы 39 млн.141 мың теңгеге 3 400-ден астам әкімшілік айыппұл өндірілді.

Мамандандырылған тұрақтарға 23 автокөлік қойылды: оның ішінде 7 Еуропалық экономикалық одақ елдерінен (РФ-5, Армения-1, Қырғызстан-1). Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу қажеттілігі туралы 2600-ден астам ұйғарым шетел нөмірлерімен 26 миллион теңгеден астам сомаға жазылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру