Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол жүру ережесін бұзған шымкенттік жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте жаяу жүргіншілерге кедергі келтірген автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 6 сәуір күні таңғы сағат 8:00 шамасында жергілікті тұрғын Шымкент қаласының Полиция департаментінің “Whatsapp” желісіндегі “Жедел әрекет ету” чатына қаладағы Теріскей мөлтек ауданында мемлекеттік белгісі 611HTB13 “Лада” маркалы автокөлігі жол жүру ережесін бұзып, жаяу жүргіншілерге кедергі жасап тұрғаны бойынша хабарлама жолдаған.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол жүру ережесін бұзған автокөліктің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарының аялдауы немесе тоқтап тұруы қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырды.

Құрметті жол жүру қатысушылары! Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру