Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдауды іске асыру: ауылдық учаскелік полицейге дейін

Қостанай облысында Полиция департаментінің басшылығы Президенттің “Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты” Жолдауын түсіндіреді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев облыстың Арқалық қаласы, Жангелдин, Амангелді, Әулиекөл және Науырзым аудандарының полиция бөлімнің жеке құрамымен кездесті. Сапар аясында ауылдық учаскелік полиция инспекторларының қажеттіліктері зерделенеді.

Жергілікті полиция қызметін реформалауда құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы маңызды буын-учаскелік полиция инспекторларына негізгі рөл беріледі. Басты қағидаттар “халық үніне құлақ асатын мемлекет” пен “полиция қадамдық қолжетімділікте” қалыптастыру болып табылады.
Амангелді ауданында 11 әкімшілік учаске бар, оларға тоғыз учаскелік полиция инспекторы бекітілген.

– Ауданда жеті полицей қызметтік көлікпен қамтамасыз етілген, учаскелік полицейлер үшін тағы екі автомобиль және тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет. Ауылдар арасындағы қашықтық үлкен, сондықтан көлік азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін қажет, – деп атап өтті Амангелді аудандық полиция бөлімінің бастығы Қайыржан Баженов.

Жергілікті жерлердегі барлық ұсыныстар Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар барысында талданып, шешілетін болады.

Санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілген кездесуде А.Ынтықбаев қоғамның барлық салалары, соның ішінде құқық қорғау органдары реформаланатын болады.

– Полиция қызметкерлері үшін азаматтармен ашық диалог жүргізу маңызды, бұл кадрларды даярлау және іріктеу жүйесінде басым бағыт болуы тиіс, – деді Ардақ Ынтықбаев.

Сондай-ақ, халықаралық қарттар күнінде Департамент бастығының орынбасары өңірдің ішкі істер органдарының ардагерлерін құттықтады.

Амангелді полиция бөлімінде құрметті ардагерлер Шәшиден Қозбақ, Қаратай Құлманов және Қасым Қабиев грамоталармен және ведомстволық медальдармен марапатталды.

Полиция майоры Ержан Әлімгерей мен капитан Досқали Сейдин “мінсіз қызметі үшін” медальдарымен марапатталды. Өз кезегінде аға буын өкілдері жас қызметкерлерге сөз айтты. Полиция полковнигі А.Ынтықбаев аудандарда да азаматтарды жеке қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру