Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоспарлы түрде пәтерге ұрлыққа түскен ер адам анықталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері көршісінің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі. Ол өз арызында 12:00 мен 16:00 аралығында белгісіз біреу өзінің пәтеріне жасырын кіріп 25 мың теңге ақшасы мен құны 60 мың теңгені құрайтын алтын жүзігін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері тексеру мен іздеу жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай ұсталған ер адам ұрлықты алдын ала жоспарлаған. Ол жәбірленушінің үйіне түскі уақытта ешкімнің жоқ екендігіне көз жеткізіп, пәтерге заңсыз кірген. Осылайша үй иесіне 90 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Бүгінде күдіктіден жасаған Тергеу амалдары жүргізіліп оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Күдікті жасаған қылмысын толығымен мойындады.

Түркістан облысы полиция қызметкерлері тұрғындарға үйлеріңізді барынша мұқият қарап, дабылқаққыш орнатыңыздар деп ескертеді. Егер де сіз ұрлықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру