Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүк көлігінен есірткі табылды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының тұрғынынан есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не Сарыағаш қаласында орналасқан “Қапланбек” шекара бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда көрсетілгендей Қарағанды қаласының тұрғыны өзінің басқаруындағы “Даф” маркалы жүк көлігімен өтіп жатқанда шекара бекетіндегі қызметтік ит хош иісті есірткі затына белгі берген. Полиция қызметкерлері жедел тергеп-тексеру амалдары барысында жүк көлігінің артқы жатын орындығының астынан пакетке оралған екі дана қара түсті есірткі затына ұқсас зат табылды.

Анықталған жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналысатын алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Осыған байланысты сот сараптамасы тағайындалды. Сараптама қортындысына сәйкес айғақты зат ретінде тәркіленген есірткі заты “опий” екені анықталды. Жалпы салмағы бес грамм шамасында.

Тәртіп сақшылары тергеу барысында күдіктінің бұрын сотты болғанын және бұдан алдын есірткі затын 2-3 рет қолданғанын анықтады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтардың жат әдеттерден сақтанып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы керектігін ескертеді. Ал, денсаулығына зиян келтіретін заттарды (ішімдік, есірткі, құмар ойындар) қолданып, өз өмірімен қатар қоғамға да кесірін тигізеді. Сондай-ақ, заң алдында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру