Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмыс кеңесі өткізілді

Қарағанды қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, қоғамдық орындарда, оның ішінде сауда орындарында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша жұмыс кеңесін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмыс кеңесінің мақсаты – сауда орындарында жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.

Кездесуге Қарағанды облысының ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшылығы, Қарағанды қаласы ПБ бастығының орынбасары Ш.Салин, ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Б.Мухамеджанов және Орталық ПБ ЖПҚБ бастығы С.Жуматов қатысты.

Сонымен қатар жұмыс кеңесіне Қарағанды қаласының “Алтын арба”, “Шығыс”, “Самал” сауда орталықтарының қауіпсіздік қызметінің басшылары шақырылды.

Кездесуде Ш.Салин қаладағы сауда орындарында жасалған қылмыстардың жай-жапсарына тоқталып өтті. Сауда орындарының қауіпсіздік қызметінің өкілдері өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салып, ұсыныстар енгізіп, ойларымен бөлісті.

Кездесу соңында аталған сауда орындарының аумағында бейнекамералар орнату жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру