Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жұмысқа тұрғызамын”: алаяқ елордалық тұрғынды сан соқтырып кетті

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің “Алматы” ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам алаяқтық жолмен жұмысқа орналасуға көмектесемін деп, 44 жастағы елордалықтың ақшасын иемденген. Анықталғандай, қаскүнем сенімге кіріп, жәбірленушіні жұмысқа орналастыруға көмектесетін ықпалды туыстары бар екенін айтып сендірген. Келтірілген шығын 100 мың теңгені құрады.

Тергеу барысында полицейлер оның дәл осындай жолмен бірнеше тұрғынды алдап кеткенін анықтады.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру