Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысшы жұмыс орнынан құрал-жабдықтарды ұрлап кетті

Қарағанды облысында жұмыскер өзі қызмет ететін жерден 357 мың теңгенің құрал-жабдықтарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйек күні Қарағанды облысы Теміртау қалалық Полиция басқармасының Шығыс полиция бөліміне құрылыс бизнесімен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен арыз түсті.

Арызданушы белгісіз біреу түнде салынып жатқан ғимараттың есігін сындырып кіріп, темір кесетін ара, тоқ ұзартқыш және дәнекерлеу аппаратын ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 357 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды. Оның сол жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жұмыс істейтіні белгілі болды.

Ұрланған құрал-жабдықтар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру